Опера әншісі Медет Шотабаев Австралияда өнер көрсетеді


Дата: 30.07.2018 11:01:40 Просмотров: 102254 Длительность: 02:37
Поделиться:

Категории: Новости и политика
Опера әншісі Медет Шотабаев Австралияда өнер көрсетеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жүлдегері, опера әншісі Медет Шотабаев Австралияда өнер көрсетеді.

Жаңа спектакль Мельбурн қаласындағы әлемге әйгілі опера театрында қойылады. Ерекше дауысымен отандық және әлемдік сахнаның тарланына айналған тенордың сапар алдындағы дайындығын біздің тілшілеріміз де біліп қайтқан еді.

Композитор Рихард Вагнердің «Нюрнбергские мейстерзингеры» туындысы ең күрделі опералардың бірі. Қазақстандық өнер жұлдызы Медет Шотабаев осы қойылымда Давидтің партиясын орындайды. Бұған дейін ол әлемнің бірнеше елінде қазақ, орыс, итальян, француз, ағылшын және испан тілдерінде өнер көрсеткен. Ал бұл опера неміс тілінде қойылады. Сондықтан, тенор партияның орындалу техникасына ерекше мән беріп, мұқият дайындалып жатыр. Подписывайтесь на «Хабар 24»:

Наш сайт -

Facebook -

Instagram -

Telegram -

Twitter -

Vkontakte -

Похожие видео:

Комментарии

Никто ещё не оставил комментариев, станьте первым.